Қазақстан ТХКБ бойынша АҚШ-қа ұн экспорттады

Қазақстан ТХКБ бойынша АҚШ-қа ұн экспорттады

Қазақстан бидай ұнының кезекті партиясын АҚШ-қа экспорттады. Бұл жолы Нью-Йоркке өнімнің 20 тоннадан астамы тасымалданды. Ол Қостанайдағы елдің ірі ұн тарту кәсіпорынында шығарылды. Отандық компания  Орталық Азия өңіріндегі жетекші ойыншылардың бірі. Жүк Транскаспий халықаралық бағыты бойынша - Ақтау, Алят, Поти, Стамбул порттары және одан әрі Атлант мұхиты арқылы жеткізілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық ұнға сұраныс артып келетінеін айтады. Бұл отандық өнімнің халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті екенін айғақтайды. Еске сала кетейік, былтыр АҚШ-қа 50 тонна қазақстандық ұн экспортталды. Ол Amazon және Walmart ірі онлайн-платформаларында сатылды, сондай-ақ америкалық наубайханаларда кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар, отандық өнімді мейрамханаларға, дүкендерге және жергілікті тамақтану орындарына жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұған қоса, ірі америкалық ритейл-желілерге шығу мүмкіндігі қарастырылуда.


Саят Қамзин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жетті. Негізгінен сырт мемлекеттер бізден астық пен ұн импорттайды. Барлық бағыттар, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан сынды дәстүрлі нарықтар бойынша жеткізілімдер тұрақты түрде жүзеге асуда. Бұдан басқа, мемлекеттік қолдаудың арқасында көлік шығындарын субсидиялаудың арқасында Таяу шетел нарықтары бағындырылуда. Қазақстандық бидай алғаш рет Вьетнам, Марокко, Алжир, БАӘ сияқты елдерге жеткізілді. Бұдан басқа, Грузия және Әзірбайжан сияқты нарықтарға тасымал жанданды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?