Президент Телерадиокешені мен Қытайдың СМG корпорациясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Құжатқа Президент Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен қытайлық медиакорпорация президенті Шэнь Хайсюн қол қойды. Келісім аясында екі елдің медиа алпауыттары бірлескен жобалар өндірмек. Әсіресе, кино индустриясында көздеген мақсаттар ауқымды.
Сондай-ақ, қос мемлекет арасындағы маңызды шараларды жарыққа шығаруда өзара қолдау көрсету көзделген.