ҚР Президенті Ішкі істер министрі Ержан Сәденовты қабылдады

ҚР Президенті Ішкі істер министрі Ержан Сәденовты қабылдады

Елімізде қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Халық көп жиналатын орындар - мектептер, жоғары оқу орындары, сауда орталықтары, концерт залдары, мешіттер мен шіркеулер ерекше бақылауда. Қазірдің өзінде террористік әрекет тұрғысынан алғанда осал екі мыңнан астам нысан тексерілді. Бұл туралы мемлекет басшысына Ішкі істер министрі хабарлады. Ержан Сәденов көші-қон ісін бақылау жұмыстары жайында есеп берді. Бүгінде елімізде құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайғанын да атап өтті ведомство басшысы.

 Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі: 

-Мемлекет басшысына есірткі, кибер және ұйымдасқан қылмыстарға қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық саладағы профилактика, су тасқыны салдарын жою, көші-қон бақылауы, жол қауіпсіздігі, аттестациялау барысы туралы баяндадым. Президент осы салада нақты тапсырмалар қойды.