Мемлекет басшысы ҚР Президенті Іс басқармасының ат қорасына барды

Мемлекет басшысы ҚР Президенті Іс басқармасының ат қорасына барды

Мемлекет басшысы әр жылдары сыйға тартылған жылқылардың жағдайын көріп, Президент Іс басқармасының ат қорасына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында бір жыл бұрын Астанада ақалтеке тұқымды құлын дүниеге келгенін хабарлаған. Президент оған Ақжан деп ат қойған еді. Ол сирек кездесетін қылаң боз реңімен ерекшеленеді, мамандар асыл тұқымды тайдың түйсігі де ерекше жоғары дамыған дейді. Мемлекет басшысы ат қораға баруға уақыт тауып, жылқыларға, соның ішінде жақында Катардан сыйға тартылған төрт араб жылқысына өз қолымен жем беріп тұрады.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- «Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтарымыздың қатарына бірнеше ай бұрын қосылған құла түстес құлынға Ақниет деп ат қойдым. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр. Қазақ халқы жылқы түлігін «Ер қанаты – ат» деп ерекше қадір тұтқан. Ел ішінде жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек».¤

¤

Ақалтеке тұқымы адамзат тарихындағы ең көне әрі асыл текті сәйгүліктердің бірі. Олардың тарихы мыңдаған жылдарға тамыр тартады. Бұл жылқы тұқымы аптап ыстық пен қатал климатты елемей, ұзақ қашықтықтарды көз ілеспес жылдамдықпен еңсеруге қабілетті. Олар сұлу бітімімен, ұзын мойыны, биік шоқтығымен және бірқалыпты қимылымен дараланады. Бұл тұқымның ең басты ерекшелігі жылқы баласында сирек кездесетін, жібектей есілген түгінің металл тектес жылтыры. Күн сәулесімен шағылысып жарқырайтын осы қасиетіне қарай оларды «алтын аттар» деп қастерлейді. Мамандар ақалтекенің тек сыртқы сұлулығын ғана емес, оның ерекше зеректігі мен иесіне деген шексіз адалдығын да жоғары бағалайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?