Жаһандық жеткізу тізбегі мен заманауи сауда иновацияны талап етеді. Өзара алыс-берісті реттеу үшін Астанада Орталық Азия және Кавказ елдері кедендік тәуекелдерді басқару бойынша шеберлік алмасуда. Сыртқы сауда рәсімдерін оңтайландырудың бірден-бір жолы білікті маман даярлау. Дүниеүзілік кеден ұйымы мен (JIGA) жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі осының қамында арнайы оқыту бағдарламасын әзірлеген.
Мотохиро Фуджиммитсу, дүниежүзілік кеден ұйымы мен JIGA бірлескен бағдарламасының менеджері:
Аударма ағылшынша. Шебер-жаттықтырушылар бағдарламасының мақсаты өңірде сауда ағынын арттыру мен жеткізілімдердің қауіпсіздігіне жәрдемдесу. Орталық Азияның орта дәліз - транскаспий халықаралық бағытының маңызы артып келеді. Сондықтан осы жолдағы, тәуекелдерді талдау күдікті тауарларды анықтаудың кілті. Яғни, тауар айналымын оңтайландырады. Бұны әрбір кеден қызметкері білуі шарт.
Сондықтан бағдарлама аясында қатысушылар тәуекелдерді басқару жүйесі мен тауарлардың шығу уақытын зерттеуге ден қояды. Салаға сандық жүйелер ендіру үшін инвестициялар тартудың маңызы да талқылау өзегіне айналмақ. Бұл ретте қазақстандық мамандардан өзгелердің үйренері бар.
Қасымқұлова Ләззат, ҚР ҚМ МКК оқыту әдістемелік орталығының басшысы:
– Бізде кеден саласы өте жоғары деңгейде цифрланған. Көптеген жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Әрбір кеден бекеттерінде рентген аппараттары орналасқан. Ренген аппараты арқылы біз бейнені талдауды үйретіп жатырмыз. Тек қана кеден саласы ғана емес, шекара саласының қызметкерлері де оқу үлгісін алады.