ҚР Премьер-Министрі NU жанындағы технопарктің ғылыми әзірлемелерімен танысты

ҚР Премьер-Министрі NU жанындағы технопарктің ғылыми әзірлемелерімен танысты

360-қа жуық ғылыми жоба, 9 мыңнан астам жарияланым мен 500-ден астам стартап.  Бұл Орталық Азия аймағындағы жетекші жоғары білім беру, зерттеу және инновация мекемелерінің бірі – Назарбаев университетінің кейінгі 13 жылда атқарған жұмысының нәтижесі.   Алдағы мақсат ТМД елдері арасында үздік 2 жоғары оқу орнының қатарына кіру.  Үкімет басшысы университеттің және Назарбаев зияткерлік мектептері мен технопарктің даму жоспарларымен танысты. Соңғысында Олжас Бектенов  медицина, жасанды интеллект, тау-кен металлургиясы салаларын дамытуға арналған әзірлемелердің мүмкіндіктері  көрсетілді. Бұл шешімдер коммерцияланған. Бүгінде көбі шетел нарықтарына экспортталады. Олар тиімділігі бойынша арнайы бағалаудан өтеді. Табысты жобалардың қатарында - 10 елдің оқушылары қолданатын «Codiplay» жобасы, пайдалы қазбаларды өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған «Smartview Innovation» және стенттер мен катетерлер өндірісіне қатысты медициналық стартап бар. Сондай-ақ премьер-министрге коммерциялық әлеуеті зор 10 жаңа әзірлеме таныстырылды. Жалпы алғанда, технопарк аумағында 32 қазақстандық компания тіркелген.  Тәжірибелік-эксперименттік цех, цифрлық прототиптеу зертханасы жұмыс істейді. Мұнда арнайы экономикалық аймақ режимінің мүмкіндіктері ұсынылады7

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?