Жас қазақстандық IELTS емтиханынан әлемдік рекорд орнатты

Жас қазақстандық IELTS емтиханынан әлемдік рекорд орнатты

17 жасар алматылық оқушы әлемдік рекорд орнатты. Сая Қыдырәлі ағылшын тілінен IELTS халықаралық емтиханында ең жоғары 9 ұпай жинады. Ресми статистика бойынша, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ті ғана қол жеткізе алады. Ол шет тілін 6 жасынан меңгере бастаған. Ал, 9 жасынан ерікті ретінде ағылшын тілінен сабақ берген. Сол кезде Қазақстанда Kids Club ашып, 10 жасында ересектерге арналған тілдік оқыту курстарын құрды. Сая әлі күнге дейін АҚШ-та болмаған, Англияға да аяқ баспапты. FLEX грантын ұтқанның өзінде, шетелге барудан бас тартқан. Қазір оның мектебінде 3 мың адам оқиды.  

Сая Кыдырәлі, оқушы:

- Мені көбі құр Сая деп атайды, мен сіздердің мұғалімдеріңмін, сондықтан мені Сая ханым деп атауларың керек деймін. Өзімнің ағылшын тілін меңгеру деңгейімді тексеру үшін алғаш рет 11 жасымда IELTS сынағын тапсырдым.

Елена Таран, мектептің оқу ісінің меңгерушісі:

- Жоғары буын оқушыларында түсінбейтін күрделі тақырыптар кезігеді. Сол кезде біз Саяның көмегіне жүгінеміз. Осы сәттер есімде. Ол сабаққа кіргенде жас қызды көбі сенімсіздікпен қарсы алатын. Алайда сабақ соңында олар бұл ойларын өзгертеді.  

Саяның алдағы арман-мақсаты ауқымды. Бүгінде ол Британдық Кеңестің белді серіктесі. Болашақта IELTS емтиханына дайындайын әлемдегі ең ірі орталық құруды жоспарлап отыр. Айына кемінде бір млн адамды оқытсам дейді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?