Мемлекет басшысы Эр-Риядта өткен химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады. Телеграмм әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің құрама командасы үшінші жыл қатарынан осынау беделді турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізіп отырғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
- Биыл сіздер екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, білім деңгейлеріңіздің өте жоғары екенін көрсеттіңіздер. Осы арқылы отандық білім беру саласының халықаралық ғылымдағы беделі зор әрі бәсекеге қабілетті екенін дәлелдедіңіздер.
Президент жас дарын иелерінің алдағы уақытта да білімнің биік шыңын бағындыра
беруіне тілектестік білдірді.