Астанада EuroFest-2024 фестивалі өтті

Испан фламенкосы, француз әндері және португал тәттілері. Астанада Еуропа күні аталып өтті. Дәстүрлі «Eurofest-2024» фестивалінің аясында кәрі құрлық  мәдениеті таныстырылып, Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық тағамдары мен бірегей қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламаның қатысушылары ашық аспан астында концерт тамашалап, түрлі шеберлік сағаттары мен байқаулар ұсынылды. Думанды кеш елордалықтар мен қала қонақтарын және Еуропада білім түгестегісі келетін қазақстандық студенттерді жиды. Астанада тіркелген дипломатиялық корпустардың әрбірі өз еліне тән қызықты бағдарлама ұсынды. Мәселен, Қазақстандағы Германия, Польша, Эстония  және Румыния мемлекеттерінің елшіліктері әзірлеген шоу көптің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың жобаларын көрсететін ақпараттық стендтер қойылды. Онда қаржыландырған жобалардың Қазақстан мен Орталық Азияға тигізген оң әсері туралы мәлімет берілді.


Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі:

-Биыл бұл мерекені дәстүрге сай Астанада өткіздік. Енді алдағы  жылдары Қазақстанның өзге қалаларында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені, Қазақстан мен Еуропа мемлекеттері арасында тығыз әріптестік, достық қарым-қатынастар орнағанын басқа да қалалардың тұрғындары білсе дейміз. Қазақстандықтардың Еуропаның үздік жоғары оқу орындарында білім алып, бірлескен бизнес жүргізгенін қалаймыз.  Туристік бағытта әріптестік аясы кең. Еуропалық жиһангездер де Қазақстанға саяхаттап тамаша елмен таныса алады.