ЕАЭО цифрлық дамуы – шетелдік БАҚ назарында

ЕАЭО цифрлық дамуы – шетелдік БАҚ назарында

Астана еуразиялық кеңістіктегі негізгі орталықтардың бірі мәртебесін тағы да растады. Бірнеше күн бойы Қазақстан елордасы бірқатар ірі халықаралық іс-шара қатысушыларын қарсы алды. Атап айтсақ, V Еуразиялық экономикалық форум, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, сондай-ақ Ресей Президентінің мемлекеттік сапары әлемдік БАҚ назарын аударды. Мәселен, британдық Reuters агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу туралы келісімді атап өтті. Мақала авторы жобаны Орталық Азиядағы ірі бірлескен инфрақұрылымдық нысандардың бірі болатынын жазды. Ал Қырғызстандық БАҚ Еуразиялық форумның цифрлық күн тәртібіне мән берген. Tazabek басылымы одақтың бірыңғай нарығының дамуын және өзара саудадағы кедергілерді жоюға қатысты бастамаларына тоқталды. Kabar ұлттық ақпарат агенттігі де біріңғай экономикалық кеңістік елдерінде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тың бастамаларға назар аударды. Өз кезегінде News Central Asia Қазақстан Ұлттық банкі мен Ресей Орталық банкі арасындағы ұлттық валюталық своп операциялары туралы келісім  және қаржылық ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды талдады. Бұл қадам екі елдің қаржылық реттеушілері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған.Жалпы, шетелдік сарапшылар мен БАҚ пікірі Астанадағы кездесулер бүкіл Еуразиялық экономикалық одақтың түрлі саладағы интеграциясына және цифрлық дамуына бағытталған дегенге саяды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?