БҰҰ Алматыдағы орталығы - Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты даму алаңы

БҰҰ Алматыдағы орталығы - Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты даму алаңы

Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының құрылуы - саяси маңызды оқиға әрі Қазақстанның елеулі дипломатиялық жетістігі. Бұл шетелдік сарапшылардың пікірі. Олардың айтуынша, Алматы Орталық Азиядағы саяси диалог пен шешімдер алаңына айналады. Диалогқа Ауғанстан да енгізілген, өйткені бұл елдің ұзақ мерзімді бейбітшілігі мен тұрақты дамуы бүкіл өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үлкен мәнге ие.

Алмаз Тәжібай, Саясаттанушы, мемлекеттік саясатты талдау орталығының директоры:

- Ауғанстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бірінші толыққанды өңірлік ынтымақтастық болады. Және халықаралық деңгейдегі диалогтың барлық қатысушыларына оң әсерін тигізетіні анық. Бұл жетістік бүкіл өңір үшін маңызды деп ойлаймын. Өйткені Орталық Азия елдерінің орнықты даму мақсаты бойынша міндеттемелерін орындауы өңірде белгілі бір деңгейдегі тұрақтылықтың орнауына кепілдік береді.

Алматыда өңірлік орталықтың маңыздылығын әлемдік БАҚ өкілдері де жарыса жазуда. Қытайдың Синьхуа порталы бұл оқиғаны Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығының және оның өңірдегі тұрақты дамуды ілгерілетудегі күш-жігерінің маңызды кезеңі деп атады. Еуропалық Eu-reporter жаңалықтар порталы Антониу Гутерриштің Орталық Азиядағы алғашқы орнықты даму мақсатын көздейтін орталықтың ашылуы бүкіл өңір үшін елеулі жетістік деген сөзін баса айтты. Ал Еуронюс БҰҰ Бас хатшысының сөзіне сүйене отырып, орталық өңір көшбасшылары арасындағы берік байланыстардың терең экономикалық интеграцияға айналуы мүмкін екенін көрсететінін жазды. Демек - Орталық Азияның әлемдегі рөлін күшейтеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?