Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы «Билли Джин Кинг» Кубогінің іріктеу
кезеңінде жарыс жолын жалғастырады. Отандастарымыз финалдық кезеңге жолдама алу
үшін Жапония құрамасымен кездеседі. 12 және 13 сәуірде өтетін бұл ойындар Әлем
чемпионатына іріктеу болып саналады. Ол Испанияның Севилья қаласында өтеді.
Қазір, бұрымды теннисшілер қызу дайындық үстінде. Команда құрамында – Юрия Путинцева,
Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағындықова ел намысын
қорғайды. Айта кетейік, команданың үздік ойыншысы Елена Рыбакина Токиода
көмектесе алмайды. Құраманың бапкерлік штабы Қазақстанның бірінші номері бар
күшін Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына салғаны дұрыс деп шешкен.
Осылайша, Рыбакина, 4 жылдықтың басты спорттық додасына дайындық жоспарын
құрады. Жапонияда, корт иелеріне қарсы кездесуде құрамамыздың жетекшісі ретінде
Юлия Путинцева шығады.
Юлия Путинцева, теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі:
– Мен қажет болса әрдайым, бірінші, екінші немесе үшінші номер болып
ойнауға әзірмін. Біздің жеңіске жетуге мүмкіндігіміз жеткілікті деп ойлаймын.
Тек соны пайдалансақ болғаны. Әр ойында жеңіске жетуге болады.
Жібек Құламбаева, теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі:
–Әлбетте, біз тек жеңіс үшін ойнаймыз. Себебі, біз
командалық сайыста ел намысын қорғаймыз. Сондықтан, ойындарда бар күшімізді
салып, соңына дейін таласамыз.