ҚР Премьер-Министрі Астана су бөгеттерінің жағдайымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Астана су бөгеттерінің жағдайымен танысты

Астаналық су қоймаларында жағдай тұрақты, су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Елордамыздағы жағдайды үкімет басшысы Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдерімен бірлесіп бақылап қайтты.

Олжас Бектенов, Жеңіс Қасымбек және Марат Ахметжанов Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасы секілді басқа да нысандардағы жағдаймен танысып шықты.

Мәселен, Астанадағы су бөгеттерінен жіберілетін су көлемін секундына 30 текше метрден 40 дейін ұлғайту жоспарлануда. Ал, Астана су қоймасының көлемі 409 млн текше метр екенін ескерер болсақ, қазірдің өзіне секундына 400 текше метр су жіберілуде. Нұра өзенінің сағасына кетіп жатқан су да бақылауда.

Айта кетейік, Елорда маңындағы, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы жағдайды жедел штаб тұрақты бақылауда ұстауда.