Қазақстанда жолдың сапасын жасанды интеллект тексереді

Қазақстанда жолдың сапасын жасанды интеллект тексереді

Қазақстанда жолдың сапасын тексеруге жасанды интеллект қолданылып жатыр. Жылжымалы зертхана республикалық маңызы бар жолдарды диагностикадан өткізеді. Онда орнатылған камера, сенсорлар мен өлшеу құралдары бір жүйеге біріктірілген. Бұл инновация жолдағы ақауларды анықтап қана қоймай, оларды толық талдап, нақты инженерлік шешім ұсынады. Жасанды интеллект әр 100 шақырымның деректерін 4 сағатта өңдеп береді. Бұрын мұндай тірлікке 4 тәулік кететін.

Мадияр Әбдуәлі, Ұлттық сапа орталығының жетекші маманы:

- 32 показатель көрсетіледі. Ол жерде қандай дефект бар, коллейность, трещина, интенсивность, яғни осы учаскеде қанша көлік өтеді осының бәрі көрсетіледі.

Сонымен қатар, қазақстандық мамандар вертуалды зертханада сынақтан өте алады. Ұлттық сапа орталығы осындай тың цифрлық платформаны ұсынды. Отандық студенттер KazRoad VR құрылғысының көмегімен бірнеше деңгейдегі тапсырмаларды орындап, жол құрылыс материлдарын терең талдауды үйренеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?