Ақордада Air Astana компаниясының даму стратегиясы таныстырылды

Ақордада Air Astana компаниясының даму стратегиясы таныстырылды

Air Astana әуе паркі 50 Airbus және 15 Boeing ұшағымен толығады. Олар елге 2036-шы жылға дейін жеткізіледі. Бұл туралы компания басшысы Президент қабылдауында айтты. Ибрагим Жанлыел Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамыту, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайту жоспарын таныстырды. Құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған. Мемлекет басшысы бұл стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызын атап өтті.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?