ҚР Мемлекеттік кеңесшісі: Президенттің тапсырмаларын орындаудың жеке жоспары қабылданды

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі: Президенттің тапсырмаларын орындаудың жеке жоспары қабылданды

Мемлекет басшысының Атыраудағы Ұлттық құрылтайда берген бастамаларын тиімді іске асыру тетіктері әзірленді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ерлан Қарин, Мемлекеттік кеңесші :

-Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген. Жоспарға сәйкес 10 заң, есірткі өндіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату, лудоманияға қарсы күресу, тарихи нысандарды қорғау, археология саласы, ономастикаға қатысты жұмыс, мемлекеттік наградалар туралы және  т.б әзірленіп қабылданады.