Шымкентте жүрекке жасанды қондырғы орнатылады

Шымкентте жүрекке жасанды қондырғы орнатылады

Шымкенттік дәрігерлер жүрек қағысы нашарлаған науқасқа жасанды қондырғы орнатып берді. 68 жастағы Әбдіхашым Исабаевтың жүрегі сыр беріп, дерті күн сайын дендей түскен. Кордиологтар шұғыл ота жасаған науқастың жағдайы қазір оңалып келеді.

Әбдіхашым Исабаев, Науқас:

- Ентігіп 3 жылдан бері түнімен ұйықтай алмайтын едім. Күндіз жүрсем, жүре берем. Түн болды, ентігіп жататын едім. Қазір ентігім басылды. 1-2 күнде шығарамыз деп жатыр. Басқа еш айтарым жоқ. Ақ халатты абзал жандарға, Қазақстанымызға тек рақмет айтамын.

Жасанды қондырғы адам ағзасындағы қан айналымын реттеп, жүрек қағысын қалпына келтіреді. Құрылғы арнайы батареялармен жұмыс істейді.

Бағдәулет Ерланұлы, Шымкент қалалық жүрек орталығының VAD- бағдарламасының үйлестірушісі:

- «Бұл помпа қайта басқа органдарға қан тасымалдайды. Қан тасымалданбай қалса, бауыр жүрек миымыз кислородный голодание дейді, қоректік заттар жетпей қалады. Ал, бұл аппарат қайта жеткізеді. Ешқандай басқа органдарға, басқа ағзаларға зиян келмейді.

Орталық мамандары соңғы 5 жылда жүрек талмасына шалдыққан 17 адамға дәл осындай ота жасап, жасанды қондырғы орнатқан. Осылайша науқастар жүрек трансплантациясын күте алады. Бұл ретте бұндай операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен тегін жасалатынын айта кету керек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?