Қасым-Жомарт
Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына барады. Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай
стратегиялық серіктестігін нығайту әлеуеті талқыланады. 31 тамыз - 1 қыркүйек
күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық
ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады. Келесі күні Мемлекет
басшысы Бейжіңде Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, аспан асты
елінің ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. Ал, 3 қыркүйек
күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына
арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

