Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды .
Ата Заң Брайль әліпбиімен Қазақстанда ел Конституциясының зағип жандарға арнайы нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Оны халықаралық талаптарға сай әзірлеу үшін арнайы материалдар мен технология қолданылған. Бұл ретте Қазақстан БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының қатысушысы екенін айта кеткен жөн. Брайль қарпіндегі Конституцияның жарық көруі - елдің халықаралық міндеттемелерін орындау бағытында қолға алған иігі істердің бірі. Мақсат - қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастырып, азаматтардың заң алдындағы теңдігін сақтау. Басылым мемлекеттік мекемелер, кітапханалар және оқу орталықтары мен мамандандырылған мектептерге таратылады.
Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары:
-Қазір Қазақстанда 90 мыңға жуық көзі нашар көретін азамат бар, оның ішінде
4 мыңға жуығы балалар. Осы адамдар енді Брайль шрифті арқылы Ата Заңның мазмұнымен
танысып, өздерінің құқықтарын біліп қана қоймай, оларды қорғау тетіктерін
пайдаланып, өмірдегі өздерінің мақсаттарына жетеді деген ойдамыз.