Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада 6 елдің елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде атап өтті. Олар Израиль, Қырғыз Республикасы, Куба, Ливан, Зимбабве, Сомали Федеративтік республикасының төтенше және өкілетті елшілері. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделгенін айтты. Президент елшілерді республикада дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

