Сенат спикері Алматы облысының тұрғындарымен АЭС құрылысы бойынша пікір алмасты

Жалпыхалықтық дауыс беру әрбір қазақстандықтың шешімі мен пікірі еленетін «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасының жарқын көрінісі болмақ. Алматы облысының тұрғындарымен кездесуде АЭС салу бойынша Президенттің республикалық референдум өткізу туралы бастамасының маңызы туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев сөз етті. 

АЭС салу бастамасына қолдау көрсету бойынша Ұлттық штаб мүшелері осы өңірге келді. Делегация қатарында депутаттар, сарапшылар мен қоғам белсенділері бар. Олар Green Land Alatau жылыжайына барып, отандық кәсіпорындарды қуат көзімен қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Әңгіме барысында Қазақстанның энергетикалық секторы көмір электростанцияларына тәуелді екені сөз болды. Барлық қатысушылар еліміздің тұрақты дамуы үшін сенімді әрі қауіпсіз қуат көзі қажет екенін айтып ортақ пікірге келді. Сапар барысында делегация мүшелері Қапшағай ГЭС-де болып, мамандармен еліміздегі энергетикалық сектордың дамуы жөнінде пікір алмасты.