ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады

ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады

Қазақстанның Көлік министрлігі Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағымен болған оқиғаны тергеу бойынша алдын ала есепті жариялады. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты. Естеріңізге сала кетейік, ұшақ Баку-Грозный бағытында әуе рейсін орындаған. Экипаж қонуға екі рет сәтсіз қадам жасап, кейін Бакуге қайтып оралуға шешім қабылдады. Кері қайту кезінде ұшақтың негізгі басқару жүйелері жоғалған. Әрі қарай экипаж Ақтаудағы қосалқы аэродромға шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Апат салдарынан ұшақ толығымен қирап, жердегі өртте жартылай жанып кетті. Сондай-ақ, баяндамада фюзеляждың құйрық бөлігінде, тік қанатында, тұрақтандырғышында, биіктік пен бағытын басқару рулдерінде әртүрлі мөлшердегі және пішіндегі көптеген тесілген және тесілмеген зақымдарды анықталғаны көрсетілген. Бұл баяндамадағы фотосуреттермен расталады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай зақымдану гидравликалық қысымның жоғалуына және рулдің істен шығуына әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек әуе кемесінің конструкцияларының зақымдануына егжей-тегжейлі тексеру жүргізуді әлі жалғасады. Көрсетілген ақпарат нақтылануы және толықтырылуы мүмкін. Соңғы есеп оқиғаның барлық тексерулері аяқталғаннан кейін жарияланады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?