Қазақстанда соғыс ардагерлері ұлықталды

Қазақстанда соғыс ардагерлері ұлықталды

Қазақстанда Ұлы Отан Соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігі ұлықталды. Алматыда Жеңіс күнінде Қазақстан Президенті іс басқармасының Ұлттық госпиталінің қызметкерлері ардагерлерді құттықтады. Олардың ішінде Екатерина Баранова да бар. 1943 жылдың мамыр айынан бастап 1945 жылдың желтоқсан айына дейін Украина ұрыс даласында медбике болып жұмыс істеді. Ұлы Жеңісті сол кездегі Чехословакияда қарсы алды. Ол кезде шені аға лейтенантқа дейін өскен. Соғыстан кейін де өмірін медицина саласына арнады. Медбике болып қызмет еткен ол, мыңдаған адамға көмектескен. «Адамдарға деген сүйіспеншілік күш-қуат береді»,- дейді, Екатерина Баранова.

 Екатерина Баранова, соғыс ардагері:

– Өзіміздің қиналып жатқан жауынгерлерді жаудан қорғау үшін жертөлеге ары-бері тасуға тура келді. Шұғыл көмекке зәру болып жатқанда  біздің сарбаздарымыз, ұшақтар келіп, жауды жайратты. Сол кез әлі есімде.

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында жалғыз соғыс ардагері қалды. Василий Грецкий бірінші кавалериялық полк құрамында шайқасты. Ұрыс кезінде ауыр жарақат  алған. Госпитальде небәрі 20 күн жатып, майданға қайта аттанған. Ардагер Германияға дейін жетіп, Ұлы Жеңіс күнін қарсы алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» және екінші дәрежелі ордендармен марапатталды. Жақында ардагер өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

 Василий Грецкий, соғыс ардагері:

 – Беларусьті азат еттік. Украинаға келдік. Оны да азат еттік. Артынша Польша, Чехословакия, Венгрияны да жаудан босаттық. Осылайша, алға жылжи бердік. Жаудың бізге қарсыласатын шамасы болмады. Ізіне түсіп алып, соңына дейін қудық.

Ардагерлер, барлық қазақстандықтарға бейбітшілік пен ашық аспан тілейді. Қуаттары әлі де жеткілікті, тың. «Бұның құпиясы неде? Оның сыры – әрқашан белсенді болып, қозғалысты тоқтатпау керек»,-дейді қарт майдангерлер.