Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкіміне өңірді газбен қамтамасыз ету жобасын Үкіметпен бірге айрықша бақылауға алуды тапсырды. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қазіргі кезде Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін магистральды газ құбырын тарту үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Көгілдір отын жеткізу көлемін ұлғайту жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға, оның ішінде ыстық-брикеттелген темір шығаратын және болат балқытатын зауыттар салуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде өңірдің дамуына қосымша экономикалық серпін береді. Бүгінгі таңда жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп саласының үлесі 30% асты.
Құмар Ақсақалов,
қостанай облысының әкімі:
- Президентке 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
бойынша баяндама жасадым. Президенттің жолдауындағы барлық тапсырмаларды 2024
жылы қалай орындалатынын тағы баяндадым. Президент бірнеше нақты тапсырмалар
берген еді. ең біріншіден, ол ауыл шаруашылығы саласына байланысты, келесі
жылдың көктемгі жұмысына байланысты, облыстың газдандыру мәселесіне біраз назар
аударылды.