Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Бұл туралы Президент өзінің жыл сайынғы жолдауында айтты.
«Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып жаңа мемлекет құрдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Егемендік дегеніміз жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың тәуелсіздікті сезіне алуы», – деді Президент.
Мемлекет кәсіпкерлерге көмектеспеуі керек – ҚР Президенті
Президент халыққа жолдауы кезінде осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, мұздатылған активтерді экономикалық айналымға қайтару керек. Дегенмен бұл тек нарықтық негізде болуы қажет.
– Ол үшін заңнамалық база болуы керек. Үкіметке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірігіп жыл соңына дейін Парламентке тиісті заңнамалық құжатты енгізуді тапсырамын, – деді Тоқаев.