Қазақстан мен Австрия ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады

Қазақстан мен Австрия ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады

Энергетика, машина құрастыру, құрылыс, логистика және инфрақұрылым. Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесінде екі елдің өкілдері осы салалардағы ынтымақтастық келешегін талқылады. Астанаға Орталық Еуропа мемлекетінің Федералдық экономикалық палатасының өкілдері келді. Жиынға кәсіпкерлер де қатысты. Австрия тарапының айтуынша, Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салу – ең негізгі басымдық. Қазірдің өзінде болат зауытын салу бойынша жобаны жүзеге асыру дайын. Соңғы 20 жылда Австрия Қазақстан экономикасына 3 млрд доллардан астам қаржы құйды. Елімізде австриялық өкілдердің қатысуымен 170-тен астам компания тіркелген. Алқалы жиында бұдан өзге фармацевтика, нанотехнология және авиация салаларындағы бірлескен жобалар талқыланды. Сонымен қатар, тараптар мамандар даярлау мен білім және мәдени байланыстарды дамытуға мүдделі.

Дитмар Феллнер, Австрия-Қазақстандық қоғамының бас хатшысы:

- Қазақстан зор әлеуеті бар мемлекет. Біз инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көлік пен энергетика саласын қолдауға және тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Қазір Қазақстан инновациялық технологияларды енгізіп жатқан машина құрастыру бойынша да біріккен жобаларға қызығушылығымыз бар.

Мұхтар Тілеуберді, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Іскерлік кеңестің отырысында австриялық компаниялар көп ұсыныс жасады. Олардың басым бөлігі Қазақстанның жеке меншік бизнесімен әріптестік орнатуды көздейді. Энергетика мен көлік-транзиттік әлеуетті арттыру бойынша да мүмкіндіктер айтылды. Қызығушылық басым.  Мұның сыртында өндірістік байланыс пен екі жақты сауданы арттыру келешегі де пысықталды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?