Эйфель мұнарасы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Венеция каналы және Сақ моншалары. Әлемнің жеті кереметі саналатын ерекше сәулет құрылыстарының кішірейтілген көшірмелері Қостанай өңірінің аудандарының бірінде ұсынылған. Онда жергілікті тұрғындар мен туристер үшін түрлі халықтар мен дәуірлердің мәдени мұрасының бірегей элементтері бар алаң ашылды. Бұдан басқа, табиғаты көркем мекен қонақтары атақты геоглифтер, сондай-ақ Сұлтан Бейбарыстың ескерткіші мен ұлттық еске алу қабырғаларын тамашалай айлады. Хаб өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытудың маңызды элементіне айналуы тиіс, дейді ұйымдастырушылар.
Жеңіс Ермұқанов.