Қазақстан Президенті ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

Боао Азия форумының аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы  Матиас Корманмен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан Ұйыммен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің экономикалық саясатын ЭЫДҰ-ның жоғары стандарттарына сәйкестендіру жөнінде мақсат қойғанын жеткізді.

Қазақстан бірқатар маңызды құжатқа қол қойып, ұйымның басқа да міндетті құқықтық институттарына қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Ұйымның өңірлік кеңсесін ашу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін айтты. Өз кезегінде Матиас Корман ұйымның Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін растады.