БҰҰ Қазақстанның цифрлық сауда орталығы ретіндегі әлеуетін бағалады

БҰҰ Қазақстанның цифрлық сауда орталығы ретіндегі әлеуетін бағалады

Қазақстанның халықаралық және сандық саудаға ашықтығы еліміздің Еуразиядағы басты логистикалық әрі инновациялық хабтардың бірі ретіндегі әлеуетін   ашады. Халықаралық сауда құқығы жөніндегі ұйым комиссиясының хатшысы Анна Жубан-Брет біздің арнамызға берген сұхбатында осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, елдің осы бағыттағы жетістігінің шешуші факторы әлемнің барлық өңірлерімен сандық байланыс орнату болып табылады. Сауда ағындары көлемінің өсуі, үздіксіз жүк тасымалын қамтамасыз ету және жаһандық тізбектерді нығайту үшін халықаралық стандарттарды енгізу қажет. Анна Жубан-Брет Қазақстанды халықаралық сауда саласындағы жаңа шешімдер мен тетіктерді бірлесіп әзірлеуге қатысуға шақырады.


Анна Жубен-Брет, БҰҰ халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының хатшысы (ЮНСИТРАЛ)

- Біз көлік дәліздері мен интеграциялық шешімдердің қарқынды дамуын көріп отырмыз. Алайда, әзірге оларды біріктіретін бірыңғай құқықтық база жоқ. Дәл осы мәселемен ЮНСИТРАЛ айналысып жатыр - әр түрлі өңірлік жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әмбебап жаһандық стандарттарды әзірлеу үстіндеміз.  Айналымдағы жүк құжаттары туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа конвенциясын дайындадық. Ол әлемнің түрлі өңірлерінде бірыңғай электрондық көлік құжаттарын пайдалануға жол ашады және мультимодальдық электрондық айналым құжаты арқылы Азияның Орталық Азиямен, Еуропамен және әлемнің басқа өңірлерімен байланысын қамтамасыз етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?