Қазақстанда геологиялық барлау саласына цифрлық шешімдер енгізілуде

Қазақстанда геологиялық барлау саласына цифрлық шешімдер енгізілуде

Қазақстанда геологиялық барлау саласында жасанды инттеллект шешімдері қолданылатын жоба жүзеге асырылып жатыр. Big Data тұғырнамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесі негізінде құрылған. Жоба сынақ кезеңінен өтіп, ресми түрде іске қосылды. Бейінді министрліктің дерегінше, тың бастама 2028-ші жылға дейін кезең-кезеңмен ендіріледі. Осының нәтижесінде елімізде геологиялық деректердің толық базасы құрылады. Бұған қоса, геологиялық ақпараттың ұлттық цифрлық қоры қалыптастырылып жатыр.  Бүгінде соңғы 80 жылда ел аумағында жиналған барлық материалдар мен есептердің 80% астамы сандық жүйеге келтірілді. 2026 жылдың соңына дейін цифрлық үлгіге толық көшу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, республикада жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылды. Ол өтінімнен бастап лицензия беруге дейінгі цифрлық үрдісті қамтиды. Биыл 5,5 мыңнан астам келісімшарт пен лицензия цифрландырылды. Жалпы құны 45 млрд теңгенің электрондық аукциондары өткізілді.

Иран Шархан, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Қазір Бірыңғай платформа арқылы 66 мыңнан астам геологиялық есепті онлайн алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар бастапқы геологиялық ақпаратты да цифрландыру жүргізілуде. Бүгінде оның 73% электронды форматқа ауыстырылды, жыл соңына дейін 97% жетеді. Толық цифрландыруды келесі жылы аяқтау көзделіп отыр.

Елордада заманауи Ұлттық геологиялық зертхана пайда болады. Орталықта геологиялық барлау қызметіне  озық үлгідегі ғылыми әдістерді енгізу қамында зерттеулер жүргізілетін болады. Саланың құрамдас бөлігіне айналатын кешен талдаудың дәлдігін жақсартып, кен орындарын игеруді жеделдету және елдің минералдық-шикізат секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септеспек. Премьер-министр заманауи зертхананың құрылысын келер жылы бастау қажеттігін алға тартты. Олжас Бектенов саланы дамытуға бағытталған өзге де бірқатар тапсырма берді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Өнеркәсіп министрлігіне Қаржы, Жасанды интеллект министрліктерімен және Ұлттық геологиялық қызметпен бірлесіп, келесі жылдың соңына дейін тарихи деректерді цифрландыру жұмыстарын аяқтауды тапсырамын. Бұл, жалпы алғанда Қазақстан бойынша тарихи және жаңа геологиялық ақпаратқа қол жеткізуді оңайлатып, инвестициялар тарту, кен орындарын барлау мен игеру жөніндегі жобаларды іске асыруды жеңілдетеді. Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026-шы жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы аясында кеңістіктік деректерді интеграциялауды қамтамасыз етуге тиіс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?