Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді сервистер біріктіріледі

Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді сервистер біріктіріледі

Қазақстанда ыңғайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру қамында барлық мемлекеттік мобильді сервистер біріктірілетін болады. Интеграция қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырмақ. Яғни, бұдан былай мемлекеттік органдар мен олардың бағынысты ұйымдарына жекелеген мобильді қосымшаларды әзірлеуге тыйым салынады. Әзірлемелер SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен енгізіледі. Мұндай шешім ел Премьер-министрінің төрағалығымен өткен цифрлыққ штаб отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізбесіне мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды. Қызметтер аясын кеңейту Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қоғамдастықты тарту орталығы ретіндегі ұстанымын күшейте түседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?