Қазақстан колледждерінде нарықта сұранысқа ие мамандар даярланады. Мысалы,
Қостанайда облыстағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан салынатын машина жасау
кәсіпорындары үшін инженерлік-техникалық бағыттағы кадрлар оқытылады.
Автомобиль көлігі колледжінде соңғы төрт жылда 7 жаңа мамандық ашылды. Қазіргі
оқу орнында республика бойынша 1400-ден астам студент білім алып жатыр. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев колледждің сапалы жұмысын Ұлттық құрылтай отырысында атап
өткен болатын. Мемлекет басшысы Қостанай автомобиль көлігі колледжінің
тәжірибесін елдің солтүстік өңірлеріне кеңінен енгізу қажеттігін баса айтты.
Дмитрий Павленко, Қостанай Автомобиль көлігі колледжінің директоры:
- Шынында да, кәсіби-техникалық білім беру ел экономикасымен тығыз
байланысты екені жиі айтылып жүр. Қазір қоғам бәрінің негізі жұмысшы
мамандықтары мен Еңбек адамы екенін түсіне бастады. Біздің колледждің мысалында
мен Мемлекет басшысына және әріптестеріме қандай жұмыстар атқарып жатқанымызды,
не себепті біздің тәжірибеміз сәтті екенін айтқан болатынмын. Ең алдымен, біз
Қостанай облысының кәсіпорындарын бағытқа ала отырып жұмыс істейміз. Оларға
қажетті мамандықтарды анықтап, сол бойынша лицензия алып, мамандар даярлаймыз. Кадр
даярлауда алда келеміз.

