Қазақстанның ғылыми қауымдастығы да жылды қорытындылады. Отандық зерттеушілер биыл бірқатар серпінді өнертабыс жасады. Төл тың әзірлемелер елімізде ғана емес шетелде де кеңінен қолданыс тауып келеді. Қазір жергілікті ғалымдардың озық зерттеулері мемлекетттің қолдауына ие. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, көшбасшы елдер ғылыми прогреске арқа сүйейді. Ол ел экономикасының қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Биыл саланы дамытуға 195 млрд теңге бөлінді, ал қолданбалы ғылымды қаржыландыру 489 млрд жетті.
Отандық зерттеушілер ғылыми-инновация бағытында бірқатар жоба әзірлеген.
Мәселен, Әбікен Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының төрт бірдей
зерттеуі тау-кен өндірісіне қатысты жасалған. Оның екеуі құнды металдардың
үлесін кешенді түрде бөліп алуды, өзгесі өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуді
көздейді.
Хайдар Тасыбеков, Химия ғылымдары институтының бас
директоры:
- Таза өндіріс, жасыл технология, кешенді технологиялар
арқылы түгел тастандылардың құрамындағы ерітінділерді азайту. Бұл жобалар бұның
бәрін ескереді, осылайша кешенді өңдеу, тастандылардың бәрін кәдеге жарату.
Тастандының өзін қайта өңдеуге шығару.
Қазақстандық ғалымдар
күріш қабығын ерекше материалға айналдырды. Елде ақ дақыл қаузынан кремний
көміртекті нанокомпозит өндірісі іске қосылды. Ол ауыл шаруашылығы, литий-ионды
батареялар өндірісінде пайдаланылады.
Бүгінде отандық обырға қарсы препарат
та клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Дос Сарбасовтың айтуынша, дәрі қатерлі
ісік жасушаларын жоюмен қатар, өсуін де тежейді, сонымен қатар ол химиялық терапия кезінде айықпас дерттің соңғы
сатысында қолданылады.
Қазақстандық жас ғалымдар жобасы «Rise
Global Winners 2024» бағдарламасы аясында әлемнің 100 үздік инновацияларының қатарында.
Жасанды интеллект негізінде жасалған ақылды көзілдірік зағип жандарға еркін
жүру үшін нақты уақыт режимінде кеңістікті
бағдарлауға көмектесіп, ғимаратта болып жатқан түрлі жағдайларды сипаттап береді.
Тағы бір отандық әзірлеме
кен орындарында болып жатқан түрлі оқиғаларға мониторинг жүргізуге, өзендердегі
судың деңгейін және ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ температурасын
анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе деректерді байланыс пен интернет жоқ жерлерден
спутник арқылы жібереді. Қазақстандық әзірлеме Кремний алқабының 5 үздік стартаптар
тізіміне енді.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі:
Аударма. Президент бастамасымен келер жылы халықаралық жасанды интеллект орталығы
құрылады. Ол осы салада құзыреттілік орталығына айналады. Онда оқушылар мен
студенттер оқытылады. Нейро желілер бойынша стартаптарды акселерациялайтын капмус
ашылмақ. Зерттеу және әзірлеу орталықтары, сондай-ақ отандық және халықаралық
компаниялардың жасанды интеллект зертханаларын ашу көзделген.
Елде телекоммуникациялық
инфрақұрылымның дамуынсыз нейрожелілер және тиімді әрі заманауи стартаптарды
әзірлеу мүмкін емес. Бұған басымдық берген Қазақстан БҰҰ мәліметінше, биыл
әлемнің 193 мемлекетінің ішінде 42-орынды иеленді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

