Түркі халықтарының ұлттық тағамдары Әзербайжан төрінде. Қазақстан да аспаздық-гастрономиялық фестивальде өз тағамдарын ұсынды. Елімізден бөлек, қабылдаушы мемлекет, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстан да өз дәмдерін таныстырды. Келушілер қазақтың дәстүрлі еті мен қымызынан, қарабақтың нанынан, түрік кофесінен, өзбектің палауынан, сондай-ақ, өзге де елдердің тағамдарынан дәм тату мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар түркітілдес елдердің танымал аспаздары өз тағамдарының дайындалу әдісін де көрсетіп, тәжірибе алмасты. Айта кетсек, Шуша қаласындағы бұл шара «Түркі әлемі мәдени туризмінің даму әлеуеттері» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция аясында өтті. Жиында тараптар бірлескен туристік бағыт құрып, оны дамыту жолдарын талқылады.