Сонымен қатар желдің қарқыны күшейіп, секундына 25-30 метр жылдамдыққа жетті. Салдарынан бірнеше республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Бүгінде жолдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылып, тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пунктері ұйымдастырылды. Бақылау бекеттерінде де 1000-нан астам көлік кептелісте тұр. Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 700-ге жуық адам қар құрсауынан шығарды. Құтқару жұмыстарына барлығы 4 мыңға жуық адам мен Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және Ішкі істер министрлігінің 1300-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған.
Қаһарман Оразалин, ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:
- Тұрғындарды эвакуациялау үшін автожолдардың жабық учаскелерінде 838 уақытша жылыту пункті дайындалды. 99 бірлік техника дайын тұр. Уақытша жылыту пункттерінде 171 адам, оның ішінде төртеуі бала. Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 смс-хабарлама жіберілді. «Дәрмен» мобильдік қосымша арқылы 71 хабарлама жіберілді.