Ведомствоның айтуынша, бұл елімізге елімізге экономиканың барлық салаларында суды тиімді және ұқыпты пайдалану мәселелерінде әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Қазақстан – дүниежүзілік мұхиттан ең алыс және теңізге шыға алмайтын ел, аумақтың 2/3 бөлігі құрғақ аймақтарды құрайды. Оның тек 3%-ке жуығын су алып жатыр. Сонымен қатар елімізде климаттың өзгеру салдары байқалуда. Бұл су ресурстарымен проблемаға алып келеді, өйткені көптеген трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан ағысы төмен орналасқан. Су ресурстарының 40% астамы бізге көрші елдерден келеді. Министрліктің хабарлауынша, бұл проблема жаһандық жылынуға байланысты өсе береді.