Jibek Joly туристік пойызы Наурыз мейрамында кезекті сапарына шығады

Jibek Joly туристік пойызы Наурыз мейрамында кезекті сапарына шығады

Jibek Joly туристік пойызының кезекті сапары Наурыз мейрамына қарсы жоспарланған. Жолаушылар наурыздың 20-сы мен 25-сі аралығында тек Алматы қаласына емес, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Орталық Азияның ескі шаһарларының бірі Таразға да бара алады. Туристер бес күн бойына Жібек жолының рухани қазынасына көзайым болып, Қазақстан мен Өзбекстанның бай мәдени мұрасымен танысады. Сапар барысында жолаушылар этноауылға саяхат жасап, салт-дәстүрлерді көріп, ұлттық тағамдардан да дәм татады. Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасын жалғаған Jibek Joly пойыз туры өткен жылдың қараша айынан басталған. Бұл туристік пойыздың үшінші сапары. Жобаға тек жергілікті туристер емес, Түркия, Қырғызстан, Ресей және басқа да шет мемлекеттерден қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?