Қазақстанның көлік инфрақұрылымы әуежайларда арнайы экономикалық аймақтар құру есебінен де дамытуға ниетті. Осылайша, жүк ағындары әуе айлақтарына жіберіледі. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Арнайы Экономикалық Аймақтарды Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды әуежайларында енгізу жоспарланған. Бұл – кең таралған халықаралық тәжірибе. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль бекеттерінде өткізу қабілеті де артып келеді. Осылайша Қытаймен шекарадағы ең ірі «Нұр жолы» автокөлік өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті. Қалған автобақылау бекеттері күнделікті 12 сағаттық жұмыс кестесіне ауысуда. Айта кетейік аспан асты елі, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 10 бақылау-өткізу бекетінде толық жаңғырту және техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде көлік жолдарының кіру, шығу бағытының санын ұлғайтып, өткізу қабілетін 6 есеге арттыруға мүмкіндік береді.