Қасым-Жомарт
Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз бауырлас Өзбек елімен ынтымақтастығымызды дамытуға ерекше мән береміз. Мұны Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда өте маңызды фактор деп санаймыз. Екі елдің ықпалдастығы неғұрлым тығыз әрі табысты өрбіген сайын, жалпы өңірдегі жағдай да тыныш болады. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланысты кеңейту үшін шын мәнінде маңызды рөл атқарады.

