Конституциялық комиссия жиынтық түзетулер жобасын талқылады

Конституциялық комиссия жиынтық түзетулер жобасын талқылады

Ата заңның 77 бабына түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұл Конституция мәтінінің 84% құрайды. Құзырлы комиссияның төртінші отырысында Негізгі Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасы таныстырды. Жаңартылған жобада Преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім қосылмақ. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгереді. Конституция преамбуласының редакциясы толықтай жаңартылады. Конституцияның адамның жеке басына қол сұқпаушылық, адамның негізгі құқықтарын қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормаларды күшейту көзделіп отыр.


Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық сот төрағасының орынбасары, конституциялық комиссия мүшесі:

- Коституция бөлімдерінің атауларын өзгерту немесе баптардың мазмұнын нақтылау жай ғана редакциялық түзету емес. Бұл тұжырымдамалық ұстанымдарды өзгертетін, құқықтық нақтылықты күшейтетін және негізгі заңнынң сапасын арттыратын маңызды әрі терең ойластырылған қадам. Нәтижесінде, өзгермелі өмірде түрленіп жатқан қоғамдық қатынастарға сай келетін құқықтық нормалар белгіленбек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?