Мемлекет басшысының
Германияға ресми сапары жалғасуда. Қасым-Жомарт Тоқаев Берлиндегі Bellevue
сарайында Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың
басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда бұл – энергетика, транзит, логистика,
пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және
цифрландыру саласы. Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды,
сондай-ақ екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынастарды
нығайту мәселесіне баса мән берілді. Кездесу соңында Қазақстан мен Германияның
көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін бірлескен іс-қимылдарды арттыра
түсуге уағдаласты.