Конституциялық Комиссия Қазақстан Президенті ұсынған реформаларды талқылауда

Конституциялық Комиссия Қазақстан Президенті ұсынған реформаларды талқылауда

Бірпалаталы парламенттің қызметі мен құрамы, вице-президент лауазымының мемлекеттік биліктегі орны мен заң шығару бастамасын көтерудегі «Халық кеңесінің» құзыреті. Бұл мәселелер Конституциялық комиссияның қарауына ұсынылды. Аталған өзгерістердің бәрі Конституциялық реформа аясында іске асады деп жоспарланған. Бір палаталы Құрылтай заң жобаларын үш оқылымда қарайды. Жаңа Парламентті жасақтауда «президенттік квота» болмайды.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары:

- Құрылтай депутаттарын сайлау жүйесі туралы, жұмыс тобы толығымен пропорционалды тәсілге көшуді бірауыздан қолдады. Бұл — Мемлекет басшысы былтырғы қыркүйектегі Жолдауында көтерген бастама. Сол кезде Президент: «Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын. Бұл — әлемде кеңінен таралған парламенттік рәсім» деген болатын. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың кадрлық саясатын дамытып, институционалдық рөлін арттыра түседі

Комиссия жұмысы ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделген, ал талқылаудың барлық кезеңі жұртшылық үшін тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Әзімова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті.

Эльвира Әзімова, ҚР Конституциялық сотының төрағасы, Конституциялық комиссия төрағасы:

- Азаматтар тікелей эфир арқылы сарапшылардың көзқарастарын, және өзге азаматтардың бастамаларын көре алады, мұндай диалог форматы реформаның негізгі қағидатын айқын көрсетеді. Ол туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет Конституциялық реформа – ең алдымен халық мүддесі үшін және оның тікелей қатысуымен жүзеге асырылады деп атап өткен болатын. Жобаны әзірлеу процессі Конституциялық өзгерістердің заңдылығын қамтамасыз ету үшін ашықтық қағидатында жүргізілуі керек 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?