«Жаңа конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың
берік құқықтық негізі». Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат
депутаттарымен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен және белсенді жастармен
кездесті. Басқосу барысында алдағы республикалық референдум қарсаңындағы
бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары пысықталды. Мәулен Әшімбаев жаңа Ата заң
жобасындағы өзгерістердің түпкі мақсаты – әділеттілік қағидатын нығайту, заң
үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік биліктің қоғам алдындағы
жауапкершілігін арттыру.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Жаңа Конституция жобасы әзірленіп Мемлекет басшысының Жарлығымен
республикалық референдумға шығарылды. Осылайша, Қазақстан халқы 2026-шы жылғы
15-ші наурызда өз таңдауын жасайды. Бұл
–демократияны нығайта түсетін маңызды тетік екені анық. Жалпы Конституциялық
реформаның басты мақсаты мемлекеттілікті нығайтуға, Тәуелсіздікті күшейтуге
және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.

