Қазақстанның Ұлттық музейінде
асық атудан балалар арасында ашық турнир өтті. Қалалардан жиналған 15 мектептің
оқушылары өздерінің ептілігі мен мергендіктерін сынап көрді. Ұйымдастырушылар
асық ату шыдымдылық пен зейнді де шыңдайдайды дейді. Ұжымда жұмыс істеу
қабілетті де дамытуға көмектеседі. Ұлттық ойын жас талғамайды. Қыздар да,
жігіттер де еркін ойнайды. Ересектер де қызығушылық танытады. Турнир дәстүр мен
өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Айта
кетейік, ұлттық ойынымыз - асық ату 2017 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес
мәдени мұра тізіміне енген болатын.
Ескендір
Рахметов, Астана қаласы асық ойыны федерациясының президенті:
- Ойнап жүріп
бала, өзің дамытады. Логикалық тұрғыда, одан мергендік түрінде, одан кейін
ұлтжандық қалыптасады. Рухани
құндылықтармен сусындырады. Бұлар ойнайды бір жағынан жаңағы тәлім-тәрбие
алады. Одан кейін мағлұматтар алады. Асықты ойнап жүріп осындай ұлтажандық
қалыптасады. Патриотизм қалыптасады.
Айзере
Артықбай, Оқушы:
- Бес асық
маған миды дамытады, қолды дамытады. Маған ойнаған ұнайды. Қазір ойнағанымыз
бұрынғыға ұқсайды бірақ кішкене басқашалау. Оны ойнаймыз, өзіміздің бірінші
ойнап жүргенімізді жаттаймыз, одан кейін бұрынғыны үйрете бастайды.

