Әскери марафоншы Республика күніне орай 600 шақырымды бағындыруға ниетті

Әскери марафоншы Республика күніне орай 600 шақырымды бағындыруға ниетті

5 күнде 600 шақырымды еңсеру. Дәл осындай арақашықтықты қазақстандық әскери қызметші бір аптадан аз уақыт ішінде жүгіріп өтуге ниетті. Рауан Әбілханов ультрамарафонды 25 қазанда елімізде атап өтілетін ұлттық мереке - Республика күніне арнайды. Желаяқ Астана - Көкшетау - Астана бағытын бағындырмақ. Сержант күндіз орта есеппен  120 шақырым қашықтықты артта тастауды жоспарлаған.


Рауан Әбілханов, Астана аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі:


- 3 айға дейін дайындық болды. Тамақтану негізі адамға 70% күш береді екен ғой, қалғаны осы нәтиже, жүгіру сол 30%. Жол бойы медициналық көмек, медициналық машиналар бар өзіміздің тағы жеке құрам бар. Тағыда жол полициялары, мыне жердегі қызметкерлер. Барлығы сопровождать етеді.

Рауан Әбілханов үшін бұл алғашқы жетістік емес. 2022 жылы ол Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Онда желаяқ 48 сағаттың ішінде 350 шақырымды жүгіріп өтті. Енді әскери қызметші 10 күнде 1000 шақырымдық қашықтықты бағындыруды жоспарлап отыр.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?