Коалиция мүшелері Маңғыстау өңірінің тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Маңғыстау өңірінің тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс Төрағасы бастаған жалпыұлттық коалиция Маңғыстау облысына барды. Тұрғындармен кездесу барысында Ерлан Қошанов өңірдің қуатты өнеркәсіптік әлеуеті бар екенін атап өтті. Ал аймақтағы қордаланған мәселелер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Кешенді жоспар негізінде шешім тапқан. Алдағы жылдары облыста қайта өңдеу өнеркәсібі, логистика, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында 55 инвестициялық жоба іске асырылады. Олардың құны 10 трлн теңгеге бағаланды. Сондай-ақ, Жаңаөзенде өндірістік әлеуеті жоғары газ өңдеу зауыты салынып жатыр. Ерлан Қошанов жаңа Конституция жобасының нормаларына жеке тоқталып, новеллалар тұрғындарға тең мүмкіндіктер ұсынып, елдің одан әрі дамуына берік негіз қалайтынын атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Осы қадамдардың өзегінде Әділеттілік, Теңдік және Бірлік идеясы тұр. Заң мен Тәртіп соның берік іргесі болып қалануда. Бұл қоғамның санасына серпіліс беретін басты құндылықтарымызға негізгі қағидаттарымызға айналып келе жатыр. Жаңа Ата заң осы жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, түпкі түйіні. Ең негізгісі мұның бәрі халықтың сұранысынан туындап отыр. Сондықтан елдің болашағына бағытталған баптар, преамбулада көрініс тапқан, халықтың қалауынан туға қағидаттар бәрі президенттің жүрегінен шықты деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының жылдар бойғы ой толғамдары халық үнімен үндесіп жатыр.

Өңір жұмысшыларымен, соның ішінде мұнайшылармен кездесуде экология мәселелеріне назар аударылды. Конституцияда табиғатқа ұқыпты қарау туралы нормаларды бекітудің өзектілігі ерекше атап өтілді. Кәсіпорын қызметкерлері лайықты еңбек жағдайы мен өндірістік қауіпсіздік құқықтарына тоқталды.

Арғынбек Қалбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің маманы:

- Қарапайым мұнайшы ретінде, мұнайшылардың құқығы еңбек адамдарының мәртебесінің көтеріліп жатқаны, сонымен қатар көптеген өзгерістердің болып жаырғанын көріп жатырмыз. 3 баптағы 2 тармақтағы адам капиталы, ғылым мен білімді көтеру салаларындағы осы басымдықтар шынында да елдің ертеңі үшін, елдің мүддесі үшін беретін тұстары өте көп. Референдум бұл нағыз халықтың шынайы үнін еститін алаң. Сондықтан бұл бастамалардың барлығы оңды деп есептейміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?