Қазақстанда
жаңа қалалар пайда болуы мүмкін. Қазір елімізде 112 мыңнан астам тұрғыны бар 10
ауыл бар. Сондай-ақ 18 елді-мекенде мүлдем 30 мыңнан астам тұрғын тұрады. Мұндай
ауылдарға облыстық мәслихаттардың шешімі бойынша қала мәртебесін беруге болады.
Бұл олардың одан әрі дамуына ықпал етеді. Айта кетейік, ел заңнамасында мұндай
өзгерту тетіктері 2021 жылдан бастап қарастырылған. Бүгінде шамамен 6 мыңнан
астам ауылда7 жарым миллионнан астам қазақстандық тұрады. Бұл
– жалпы халық санының 40%-і. Соңғыларын қолдау - мемлекеттік маңызы бар іс. Естеріңізге
сала кетейік, Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі
тұжырымдамасын қабылдап, іске асыруда. Өткен жылы республикалық және жергілікті
бюджеттерден олардың инфрақұрылымын дамытуға 1 триллион теңгеден астам қаражат
бағытталды. 2024 жылы осы мақсаттарға шамамен
900 млрд жоспарланған.