«Алматы-Қаскелең» автожолы екі есе кеңейіп, жолақтар саны
төрттен сегізге дейін артады. Жұмысты 20 шілдеде бастау жоспарланған. Бұл
туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Мемлекет
басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі кеңес барысында белгілі болды.
Жобаны қаржыландыру Қазақстанның Даму банкі арқылы жүзеге асырылады. Нысан 2027
жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Төлеген Абдуллин, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары
комитетінің төрағасы:
- Жобада 8 кері бұрылу орны 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі көзделген. Осы жол жаңғырту жобасының нәтижесінде бұл учаскеде көлік ағынын кедергісіз өткізуді қамтамасыз етеміз. Бұдан бөлек, тоқтаусыз қозғалыс жүйесі ұйымдастырылады.
Айта кетейік, «Алматы-Қаскелең» тас жолы Алматы
агломерациясындағы тәулігіне 60 мың автокөлік өткізетін қозғалыс жүктемесі ең
қарқынды жол бөлігі. Оның жүктемесін жеңілдетуге тағы бір жоба бағыттамақ. Ұзынағаш
ауылынан 32 шақырымдық баламалы жол құрылысы басталды. Кеңесте Алматы-Есік,
Алматы-Талғар бағытындағы автожолдардың жобалары қаралды. Сондай-ақ, рельстік
көлік пен Алматы метрополитені тәрізді Алматы агломерациясының көлік байланысын
дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

