Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы
Қанатбек Жайсанбаев Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның
Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берді.
Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық,
материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз
ететіні баяндалды. Президент Халық Кеңесі Әділетті Қазақстанның іргесін
нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті. Мемлекет
басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен,
азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын
тиімді үйлестіруді, Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты
деңгейде жүргізуді тапсырды.

