Қ.Тоқаев гимнастикадан халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдады

Қ.Тоқаев гимнастикадан халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдады

Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі Гимнастика орталығы салынып жатыр. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Ақордада халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерімен кездесуде айтты. Тараптар елімізде осы  спорт түрін дамыту және насихаттау бойынша ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ірі халықаралық додаларды өткізу бойынша бірлескен бастамаларды қарастыруға дайын екенін растады. Меймандар ел даңқын әлемдік ареналарда асқақтатып жүрген қазақстандық атлеттердің жетістігіне ерекше назар аударды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы  Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі «Достық» орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?